Жұма, 04 шiлде, 15:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№48,2161
01.07.2025
PDF мұрағаты

20-қабаттан құлаған екі жасар бала аман қалды

04.07.2025

67 0

Қытайдың Чунцин қаласында екі жасар бала 20-қабаттан құлап, керемет жағдайда тірі қалды. Бұл туралы Mothership басылымы хабарлайды.

Оқиға көпқабатты тұрғын үй кешенінде болған. Бала бірнеше минутқа әжесінің қарауынсыз қалып, осы сәтте биіктен құлап кеткен. Алайда оның құлауын ағаш бұтақтары мен бұталар жұмсартқан. Соған қарамастан, бүлдіршіннің көптеген сүйегі сынып,  ауыр жарақаттар алған.

Жанында жүрген тұрғын үй кешенінің күзетшісі бірден әрекет етіп, баланы көтеріп алып жақын маңдағы ауруханаға қарай жүгірген. Жолда ол сәбиді полицейге табыстап, полицей баланы шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізген. Дәрігерлер баланың жағдайын тұрақтандырғанымен, ауруханаға түскен кезде оның жағдайы аса ауыр болған.

Мамандардың айтуынша, күзетші мен полицейдің шапшаң әрекеті, сондай-ақ баланың салмағының аздығы оның өмірін сақтап қалуға септігін тигізген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: