Сенбі, 21 маусым, 04:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№44, 2157
17.06.2025
PDF мұрағаты

232 адам отырған ұшақ апатқа ұшырады 

12.06.2025

344 0

Фото: TimesNow видео кадрларынан скрин

Air India әуе компаниясының Лондонға бағыт алған AI-171 рейсі Ахмедабад әуежайынан ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай апатқа ұшырады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі News18-ге сілтеме жасап.

Ұшақ бортында 232 жолаушы мен 12 экипаж мүшесі болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, әуе кемесі Ахмедабад қаласындағы Мегханинагар ауданына жақын маңда құлаған. Оқиға орнында үлкен дүрбелең орын алды. 

Қазіргі уақытта құтқару топтары апат орнына жетіп, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіліп жатыр.

Үндістанның Ішкі істер министрі Амит Шах Гуджарат штатының бас министрі және Ахмедабад қаласының полиция комиссарымен сөйлесіп, жағдайды бақылауға алды. Үкімет тарапынан барлық қажетті көмек көрсетілетіні айтылды.

Сондай-ақ Азаматтық авиация министрі Рам Мохан Найду ахуалды көзбен көру және тиісті шараларды үйлестіру үшін Ахмедабадқа жол тартты.

Қосымша ақпарат ресми органдар тарапынан нақтыланғаннан кейін хабарланады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: