Сенбі, 26 шiлде, 08:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№55, 2168
26.07.2025
PDF мұрағаты

43 адам мінген ұшақ құлады, ешкім тірі қалмады

25.07.2025

159 0

Фото: istockphoto.com

24 шілде таңертең «Ангара» әуе компаниясының Хабаровск – Благовещенск – Тында бағыты бойынша рейс жасаған «Ан-24» жолаушылар ұшағы радардан жоғалып кетті. Бес бала, алты экипаж мүшесін қоса алғанда бортта 43 адам болған, – деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі.

Алдын ала мәлімет бойынша, әуе кемесінің сынықтары Тында қаласынан 15 шақырым қашықтықта табылды. «Росавиацияның» Ми-8 тікұшағы «Ан-24» ұшағы құлаған болжамды аумақта өртеніп жатқан фюзеляжды байқаған.

«Құтқарушылар оқиға орнына бет алды», – деп хабарлады Ресейдің ТЖМ.

Әуе апатының мән-жайын қазір Ресейдің төтенше жағдайлар қызметтері анықтап жатыр. Ресейлік РИА Новости ақпарат агенттігінің мәліметінше, апат салдарынан ешкім тірі қалмаған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: