Бейсенбі, 23 қаңтар, 19:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№5,2118
21.01.2025
PDF мұрағаты

9 жасар қыздарды тұрмысқа беру заңдастырылды

23.01.2025

100 0

фото: Н.Нұржаубай

Иракта парламент депутаттары мемлекеттің жеке мәртебесі туралы заңға түзетулер енгізді. Сарапшылардың пікірінше бұл өзгеріс елдегі әйелдер құқықтарының қорғалуына нұқсан келтіреді деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Apnews.com жазғандай, Ирак парламенті осы аптаның сейсенбісінде үш заң қабылдады, оның ішінде «Елдің жеке мәртебесі туралы» заңға түзетулер енгізілген.

Түзетулер ислам соттарына отбасылық мәселелерде, соның ішінде неке, ажырасу және мұрагерлік мәселелерінде көбірек өкілеттік береді. Белсенділердің айтуынша, бұл Ирактың 1959 жылы қабылданған «Жеке мәртебе туралы» заңына нұқсан келтіреді.

Қазіргі уақытта Ирак заңдарына сай некеге тұрудың ең төменгі жасы 18 деп белгіленген. Сейсенбіде қабылданған өзгерістер діни қызметкерлерге некеге қатысты мәселелерде өз алдына шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Ал бұл елдің аумағында көптеген шиит діни көсемдері ұстанатын Джафари мектебінің іліміне сай қыздарды ерте жаста немесе 9 жастан бастап күйеуге беруге рұқсат етілген.

Өзгерістерді қолдаушылар түзетулерді «Елдегі заңдарды исламдық қағидаттарға сәйкестендіру және Батыстың Ирак мәдениетіне ықпалын азайту» тәсілі ретінде қорғап отыр.

Құқық қорғаушы және Ирак әйелдер лигасының мүшесі Интисар әл-Маяли азаматтық хал туралы заңға түзетулерді қабылдау «қыздардың ерте тұрмысқа шығуына байланысты әйелдер мен қыздардың құқықтарына ауыр әсер етеді, бұл олардың құқықтарын бұзады» деді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: