Жексенбі, 10 тамыз, 00:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№59,2172
09.08.2025
PDF мұрағаты

Әйел 12 жастағы қызын өлтіру үшін киллер жалдаған

09.08.2025

45 0

Фото: 31tv.ru

Челябі облысының тұрғыны өз қызының өліміне тапсырыс беріп, сот алдында жауап береді. Тергеу деректерінше, 12 жасар қызын өлтіру үшін әйел киллер жалдап, оған шамамен 600 мың теңге төлеуге келіскен. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы 31 шілде күні Челябі облысы бойынша Ресей Тергеу комитетінің басқармасында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, әйел Измайловский ауылының (Кизиль ауданы) ауласында тұрған кезде бұрыннан таныс ер адамға жүгініп, оны қызының көзін жоюға көндіруге тырысқан. Ол баланы өзенге батырып өлтіруді ұсынған және бұл үшін 600 мың теңге сыйақы беруге уәде еткен.

Анықталғандай, әйел мұндай қадамға қызы екеуінің арасында болған жанжалдан кейін барған. Алайда әйел ұсыныс жасаған ер адам баланы құтқаруды шешкен. Ол қылмысты жасайтынына әйелді сендіріп, бірден құқық қорғау органдарына хабар берген.

Ер адам, сонымен қатар, қылмыскердің сенімін жоғалтпау үшін әйелден алдын ала 60 мың теңге сұраған. Бірақ әйел бұл ақшаны бермей, алдымен қызының өлімі дәлелденуі керек деп уәж айтқан.

Кейін ер адам қызды алып, қылмыс жасалуы тиіс жерге барған, бірақ ешқандай әрекет етпей, оны аман сақтап қалған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: