Жұма, 03 қазан, 13:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№74, 2186
30.09.2025
PDF мұрағаты

Әйел 16 жыл бойы жасырын түрде күніне 17 сағат жұмыс істеп келген

03.10.2025

140 0

Фото: depositphotos.com

Ұлыбританияда Муликат Огумодеде есімді әйел 16 жыл бойы парламент пен банкте жасырын жұмыс істегені үшін қызметінен босатылды. Сот оның күніне 17 сағаттық еңбегі денсаулығына, жұмыс сапасына және қоғамға қауіп төндіретінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Daily Mail жазғандай, 2008 жылдан 2024 жылға дейін ол аптасына бес күн таңғы 8:00-ден 17:00-ге дейін Deutsche Bank банкісінде, ал түнгі 22:00-ден таңғы 6:00-ге дейін Ұлыбритания парламентінде еден жуушы болып еңбек еткен. Ол екі жұмыс орнына әртүрлі клинингтік компаниялар арқылы орналасып, жұмыс берушілерін алдаған. Күніне 17 сағат жұмыс істегеніне қарамастан, Огумодеде тәртіптілігімен және мінсіз беделімен танылған.

Алайда оның құпиясы ашылғаннан кейін парламенттегі жұмысынан айырылды. Әйел сот арқылы шешімді дауламақ болып, демалыс күндері жеткілікті тыныға алатынын алға тартты. Бірақ оның барлық шағымы қанағаттандырылмады.

Судьяның айтуынша, мұндай жұмыс режимі қызметкердің еңбек сапасына кері әсер етуі мүмкін. Себебі шаршағандықтан адамдар жиі қателік жасайды, ал шамадан тыс жұмыс денсаулықты да әлсіретеді. Бұл тек жұмыскерге ғана емес, жұмыс берушіге және жалпы қоғамға зиянын тигізеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: