Сәрсенбі, 19 қараша, 20:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88, (2200)
18.11.2025
PDF мұрағаты

Әйел «УЗИ» тексерісі кезінде бірден 9 балаға жүкті екенін анықтады

19.11.2025

61 0

Фото: pixabay.com

Мысырда жоспарлы ультрадыбыстық тексеру кезінде жүкті әйел бірден тоғыз бала көтеріп жүргенін білген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі

Al Arabiya басылымының хабарлауынша, бұл ерекше жағдай әйелдің бала көтеруді ынталандыратын дәрілерді дәрігердің бақылауынсыз қолдануынан болуы мүмкін.

Дәрігерлер болашақ ана жүктілікке ұсынылған препараттарды тиісті дозасынан көп қабылдаса, ұрықтанатын жасушалардың саны артуы ықтимал екенін айтады.

Әзірге әйелдің барлық эмбриондарды сақтап қалғысы келетіні немесе келмейтіні белгісіз. 

Гинекологтар заманауи медицинаның көмегімен ұрықтанған жұмыртқалардың санын азайтуға болатынын, бұл ананың денсаулығына қауіпті төмендетіп, қалған сәбилердің дамуына қолайлы жағдай жасайтынын ескертеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: