Сәрсенбі, 23 шiлде, 22:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№54, 2167
22.07.2025
PDF мұрағаты

Әскери оқу ұшағы мектепке құлады: 25 оқушы қаза тапты

23.07.2025

87 0

Фото: pixabay. сom

Бангладеш астанасы Дакка қаласындағы әскери оқу ұшақ апатынан қаза тапқандар саны 31 адамға жетті. Бұл туралы Associated Press-ке сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.

Апат салдарынан қаза болғандардың ішінде кемінде 25 бала, бір мұғалім және F-7 BGI оқу ұшағының ұшқышы бар екені расталды. Жергілікті Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Сайедур Рахман брифинг барысында:

Қайтыс болғандардың көбі – 12 жасқа толмаған балалар. Кейбірінің кім екенін анықтау үшін ДНҚ талдауы қажет болады, – деді.

Сонымен қатар 170-тен астам адам әртүрлі дәрежедегі күйік жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Бірқатар науқастың жағдайы ауыр күйде қалып отыр.

21 шілде күні оқу-жаттығу ұшағы Даккадағы екі қабатты оқу кешенінің кіреберісіне құлаған. Ұшақ жерге құлаған соң ғимаратта өрт шыққан.

Мемлекеттік ISPR қызметі таратқан мәліметке сәйкес, F-7 BGI оқу ұшағы жергілікті уақыт бойынша 13:06-да ұшып шыққан. Алайда көп ұзамай апатқа ұшыраған. Апаттың нақты анықталып жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: