Сейсенбі, 13 қаңтар, 12:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№3 (2215)
13.01.2026
PDF мұрағаты

Әуедегі ұшақта пауэрбанк өртеніп, жолаушылар зардап шекті

13.01.2026

58 0

Фото: istockphoto.com

Оңтүстік Корея әуекомпаниясына тиесілі ұшақ бортында шамамен 11 мың метр биіктікте пауэрбанк тұтанған. Салдарынан сегіз адам зардап шекті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентті.

SHOT мәліметінше, қауіпті оқиға Қытайдың Санья қаласынан Чхонджу қаласына бағыт алған Оңтүстік Кореяның T-Way әуе компаниясына тиесілі Boeing 737-8 MAX ұшағының бортында болған.

Ұшақ 10,6 мың метр биіктікке көтерілген сәтте салондағы орындықтардың бірінен түтін шыға бастаған. Ұшқын шашып жанып жатқан пауэрбанк тез арада герметикалық контейнерге салынып, әуе кемесі рейсін жалғастырған.

Жанып жатқан аккумулятордың буын жұтып қойған бес жолаушы мен үш экипаж мүшесі қатты уланған, олардың үшеуі ауруханаға жеткізілді. Ұшақ бортында барлығы 38 адам болған, оның ішінде 32 жолаушы бар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: