Әзербайжанның AnewZ басылымы 25 lжелтоқсанында Ақтауда қайғылы апатқа ұшыраған AZAL ұшағының эксклюзив фотоларын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Басылымның хабарлауынша, фотоларда оқ іздері, соның ішінде Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев айтқан нұсқаны растайтын дәлелдер бар.

Әзербайжан үкіметінің хабарлауынша, ұшақты Грозныйға жақындап келе жатқанда «Панцирь-С» зымыраны соққан. Министр Рашад Набиев зымырандық шабуыл фактісін растады, ал Ильхам Әлиев кінәсін мойындауды, кінәлілерді жазалауды және қаза тапқандардың отбасына өтемақы төлеуді талап етті.



Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!