Сейсенбі, 30 желтоқсан, 15:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№99, (2211)
27.12.2025
PDF мұрағаты

Америкалық ұрланған қызын телефон арқылы тауып, аман алып қалды

30.12.2025

54 0

Сурет: pixabay

АҚШ-тың Техас штатында бір әке ұялы телефондағы ата-ана бақылауы функциясының көмегімен 15 жастағы қызын тауып, оны құтқарып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Guardian басылымының мәліметінше, оқиға Рождество күні Хьюстон қаласының маңындағы Портер елді мекенінде болған. Жасөспірім қыз итімен серуендеуге шығып, белгіленген уақытта үйіне оралмаған. Алаңдаған әкесі бір мезетте қызының телефоны арқылы оның орналасқан жерін анықтаған.

Сигнал көршілес Харрис округіндегі елсіздеу аймаққа, үйден шамамен үш шақырым жерге алып барған. Сол жерде ер адам қызын жартылай жалаңаш белгісіз ер адаммен бірге пикап көлігінің ішінен тапқан. Қыз қашып шығып, әкесіне қарай жүгірген, ал әкесі дереу полиция шақырған.

Тергеу деректеріне сәйкес, қаскүнем жасөспірімді пышақпен қорқытып, күштеп көлікке отырғызған.

Оқиғаны көрген куәгерлер полицияға көлік пен жүргізуші туралы сипаттама берген. Күдікті ретінде Портер қаласының 23 жастағы тұрғыны Джованни Росалес Эспиноса анықталған.

«Ер адам қарсылық көрсетпей ұсталды. Оған ауырлататын мән-жайлармен адам ұрлау және кәмелетке толмағанға қатысты әдепсіз әрекеттер жасады деген айып тағылды. Қазіргі уақытта күдікті қамауда отыр», – делінген ақпаратта.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: