АҚШ иммиграциялық визалар беруді уақытша тоқтатқан елдердің қатарына Қазақстан да енді. Мұндай мемлекеттердің жалпы саны 75 елді құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің нақтылауынша, шектеу АҚШ-та тұрақты тұруды көздейтін шетел азаматтарына арналған иммиграциялық визаларға қатысты.
Аталған шешім қысқа мерзімді визаларға, яғни, уақытша жұмыс істеуге, оқуға немесе туристік мақсатта берілетін визаларға қолданылмайды.
Трамп әкімшілігінің бұл шешімі 2026 жылғы 21 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Тізімге Қазақстанмен қатар Армения, Әзербайжан, Беларусь, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан кірген.
Айта кетейік, бұған дейін Трамп Иранмен кәсіп жүргізетін барлық елге 25 пайыздық баж салығын енгізгені белгілі болды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
