АҚШ пен Жапония жасанды интеллект пен жаңа буынды 6G ұялы байланыс технологиялары саласында стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қоюға әзірленуде. Бұл туралы жапон басылымы Nikkei мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Келісімге қол қою АҚШ президенті Дональд Трамптың Жапонияға 27 қазанда басталатын сапары кезінде болжанып отыр. Келісім аясында тараптар бірлесіп озық технологияларды дамытып, экспорттап, сондай-ақ телекоммуникациялық инфрақұрылымды үшінші елдерде, әсіресе ең алдымен жаһандық Оңтүстік елдерде – құруды жоспарлап отыр.
Nikkei басылымының айтуынша, ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі — Қытайдың технологиялық ықпалын бәсеңдету және Вашингтон мен Токионың цифрлық инновациялар саласындағы позицияларын нығайту.
27–29 қазан аралығында Дональд Трамп Жапонияның жаңа премьер-министрі Санаэ Такаичимен келіссөздер өткізеді және император Нарухитомен кездеседі. Бұл – оның екінші президенттік мерзімінде алғашқы Жапонияға ресми сапары болады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
