Сәрсенбі, 29 қазан, 14:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82,2194
29.10.2025
PDF мұрағаты

АҚШ Қытайдан келетін кейбір тауарларға салынған баж салығын төмендетуі мүмкін

29.10.2025

42 0

Фото: Global Look Press

АҚШ Қытайдан келетін кейбір тауарларға салынған баж салығын төмендетуі мүмкін. Бұл шешім Қытай фентанил өндірісінде қолданылатын химиялық заттардың экспортын бақылауды күшейтсе ғана қабылданады, деп хабарлайды BAQ.KZ

Мәселе АҚШ президенті Дональд Трамп пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин арасындағы келіссөздерде талқыланбақ.

Егер Қытай фентанил өндіруге арналған химиялық қосылыстардың экспортын шектесе, АҚШ кейбір баждарды азайтады, – делінген WSJ хабарламасында.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, Пекин экспорттық бақылауды күшейткен жағдайда, Вашингтон баж салығын 20%-дан 10%-ға дейін төмендетеді. Бұл ретте Қытай тауарларына арналған жалпы тариф деңгейі 55%-дан 45%-ға дейін азаюы мүмкін.

Келіссөздер барысында тараптар порттық төлемдер, жоғары технологиялық өнімдердің экспортына шектеулер және экономикалық қауіпсіздік мәселелерін де талқылайды. Сонымен қатар, ФБР директоры Кэш Пател фентанил мәселесін талқылау үшін Бейжіңге баруды жоспарлап отыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: