АҚШ-тың Вашингтон штатының денсаулық сақтау департаменті үйлерге кәріз жүйесі арқылы енетін егеуқұйрықтардың шабуылы көбейгені жөнінде ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
The Guardian мәліметінше, егеуқұйрықтар санының күрт артуына тасқын су себеп болған.
Мамандардың айтуынша, бұл кеміргіштер өте жақсы жүзеді әрі тынысын ұзақ уақыт ұстай алады. Сол себепті олар кәріз жүйесі арқылы оңай өтіп, тұрғын үйлерге кіре алады.
Билік өкілдері дәретханадан егеуқұйрық шыққан жағдайда сабыр сақтауға кеңес береді. Мұндай кезде унитазға ыдыс жуатын сұйықтық немесе кір жууға арналған гель құйып (жануардың тайып кетуі үшін) суын ағызу қажет. Егер егеуқұйрық ірі болса, унитаздың қақпағын жауып, зиянкестермен күрес қызметін шақырған дұрыс.
Дәрігерлер егер егеуқұйрық тістеп үлгерсе, дереу медициналық көмекке жүгінуге шақырады. Себебі бұл жануарлар аса қауіпті ауруларды, соның ішінде өлім-жітімі 100% болатын құтыру дертіне дейін тасымалдауы мүмкін.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
