Жексенбі, 27 шiлде, 23:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№55, 2168
26.07.2025
PDF мұрағаты

АҚШ-та жолаушылар ұшағы өртеніп кетті

27.07.2025

34 0

Фото: видеодан скрин

АҚШ-та жолаушылар ұшағы өртеніп кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

American Express әуе компаниясының ұшағы Денвер халықаралық әуежайынан Майамиге ұшу керек еді. Ұшардағы екпін алу кезінде ұшақтың шассиі өртеніп, ұшқыштар әуе кемесін шұғыл тоқтатуға мәжбүр болды. 

Борттағы 179 адам үрлемелі трап арқылы шұғыл эвакуацияланды. Өрттің салдарынан 87 рейс кейінге қалды. 

Куәгерлердің айтуынша, салонның артқы бөлігін түтін басып қалған. 



Бес адам жеңіл жарақат алды, бір жолаушы ауруханаға жеткізілді.

«Денвер халықаралық әуежайының төтенше жағдайлар қызметі мен Денвер өрт сөндіру бөлімі American Airlines рейсінің ұшу-қону жолағында апатқа ұшырағаны туралы хабарламаға жауап берді. Барлық жолаушы ұшақтан шықты», – деп жазды әуежай.

Еске салсақ, 24 шілде күні Хабаровск – Благовещенск – Тында бағыты бойынша ұшқан Ан-24 ұшағының жоғалып кеткені туралы хабар

тараған. Кейін ұшақтың сынықтары Амур облысындағы Тында қаласынан 15 км қашықтықта табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, бортта 49 адам – 38 ересек, бес бала және алты экипаж мүшесі болған. Ұшақ апатына техникалық ақау мен адам факторы себеп болуы мүмкін деген болжам бар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: