Жұма, 10 қаңтар, 12:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№1-(2114)
07.01.2025
PDF мұрағаты

АҚШ-тағы алапат өрттен 1100 ғимарат қираған

10.01.2025

91 0

Сурет: AP photo

Калифорниядағы дала өртіне байланысты Италияға жоспарлаған сапардан бас тартты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ақ үй ресми өкілінің мәліметінше, Байден Калифорниядағы алапат апатты ауыздықтап, қатты желдің кесірінен өрши түскен өртті сөндіру мен зардап шеккен аудандарды қалпына келтіру үшін өзге де штаттардың, биліктің күшін жұмылдыра отырып федералды көмек көрсетуге бұйрық берді. Ақ үйдің мәліметінше баспанасыз қалған халықты орналастыру үшін гранттар беріліп, жеңілдетілген несиелер де бөлінбек. Мүлкі сақтандырылмаған бизнес өкілдері мен үй иелерінің шығындарын қалпына келтіруге арналған шұғыл бағдарламалар енгізілмек. 

«Біз Оңтүстік Калифорниядағы өртті тоқтату және қалпына келтіруге көмектесу үшін қажет болғанша қолдан келгеннің бәрін жасауға дайынбыз. Бірақ біз бұл өте қиын, әрі ауыр жұмыс болатынын білеміз», – деп жазды Дж. Байден Х әлеуметтік желісінде.

Сейсенбі күні басталған дала өрті АҚШ-тағы халық ең көп қоныстанған Калифорния округіне ауыр зардап әкелді. Лос-Анджелес аумағын толықтай қамтыған тілсіз жау бірнеше ірі орман алқаптарын толықтай жойды. Жергілікті биліктің мәліметінше, өрттен кем дегенде бес адамның өмірі қиылды және кемінде 1100 ғимаратқа зақым келді. 

Калифорния губернаторы Гэвин Ньюсом төтенше жағдай жариялады. Өрттің тез таралуына байланысты ондаған мың адамды шұғыл эвакуациялауға бұйрық берілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: