Қытайда ата-анасы өз ұлын ұлттық емтиханнан жеткілікті балл ала алмағаны үшін үйден қуып шыққан. Бұл туралы South China Morning Post басылымына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Хунань провинциясында 18 жастағы талапкер Сяокай ұлттық бірыңғай қабылдау емтиханында (гаокао) 750 мүмкін ұпайдың 575-ін жинаған. Бұған ашуланған ата-анасы үйдегі құлыптың кодын өзгертіп, ұлы беделді университетке түсе алмаса, оқу ақысын төлеуден бас тартқан. Айта кетейік, Сяокай мектепте үздік оқушылардың қатарында болған.
Ол бар назарын оқуға саламын деп уәде берген еді, бірақ күнұзақ телефон шұқылап, ойын ойнап жүрді, – дейді әкесі.
Сяокайдың университетке түскен-түспегені шілде айының екінші жартысында белгілі болады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!