Бейсенбі, 21 тамыз, 12:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№62, 2175
19.08.2025
PDF мұрағаты

Ата-анасы жаңа туған қызына ChatGPT деген есім қойды

21.08.2025

40 0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Колумбияның Кордова департаментіндегі Серете қаласында бір отбасы жаңа туған нәрестесіне Чат Йипити Бастидас Герра деп ат қойып, көпшіліктің талқысына түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл есім танымал жасанды интеллект бағдарламасы ChatGPT-ке арналған.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, ата-ана мұндай қадамды «технология мен жасанды интеллекттің жаңа дәуіріне құрмет» ретінде түсіндірген. Елдің ұлттық азаматтық реестрі бұл ерекше есімді еш қарсылықсыз тіркеген.

Әлеуметтік желі қолданушылары арасында пікір екіге бөлінді: бірі мұндай есім баланың болашағына қиындық әкелуі мүмкін десе, екіншілері шешімді креативті әрі «прогрессивті» деп бағалады.

Заң бойынша, Колумбияда есім таңдауға ресми тыйым жоқ. Дегенмен, ұлттық АХАТ қызметкерлері ата-ананың таңдаған есімі баланы қорлауы немесе оның абыройына нұқсан келтіруі мүмкін деп санаса, тіркеуден бас тартуға құқылы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: