Дүйсенбі, 26 мамыр, 05:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38,2151
24.05.2025
PDF мұрағаты

Автобус апатқа ұшырап, 11 адам қаза тапты

25.05.2025

86 0

Фото: BAQ.KZ.

Колумбияның Киндио департаментінде орналасқан Эликоидаль көпірінде студенттер мінген автобус апатқа ұшырап, салдарынан кемінде 11 адам қаза тапты. Бұл туралы RCN радиостанциясы хабар таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Радиостанцияның мәліметінше, апат салдарынан 11 адамның қаза болғаны расталды. Қаза тапқандардың арасында студенттер мен оқытушылар бар.

Полицияның алдын ала дерегіне сәйкес, автобуста барлығы 26 адам – 23 студент және инженерлік факультеттің 3 оқытушысы болған.

Болжам бойынша, жүргізуші автобустың техникалық ақауына байланысты көлік тізгінін басқара алмай қалған. Автобус көпір қоршауына қатты соғылып, салондағы жолаушылардың бір бөлігі терезе арқылы сыртқа лақтырылған.

Зардап шеккендер шұғыл түрде жақын маңдағы медициналық мекемелерге жеткізілді. Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметі мен құқық қорғау органдары жұмылдырылды.

Жергілікті билік орындары апаттың нақты себептерін анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: