Танзанияның Килиманджаро аймағында екі автобустың соқтығысуы салдарынан кемінде 38 адам қаза тауып, 28 адам жарақат алды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі өңірлік комиссар Нурдин Бабуға сілтеме жасап жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Апат 28 маусым күні кешке елдің солтүстігіндегі Моши округінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, автобустардың бірінің алдыңғы дөңгелегі жарылып, соқтығыс салдарынан екі көлікке де от шыққан.
Зардап шеккен 28 адамның 22-сі ауруханадан шығарылып, тағы 6 адам ем қабылдауда. Қайғылы оқиғаның нақты себептері тергеліп жатыр.
Бұл соңғы айдағы Африкадағы ірі жол апаттарының бірі болып отыр. Бұған дейін, 31 мамырда Нигерияда спортшылар мінген автобус көпірден құлап, кемінде 20 адам қаза тапқан еді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!