Жұма, 05 қыркүйек, 20:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№66, 2179
03.09.2025
PDF мұрағаты

Ауғанстанда зілзаладан қаза тапқандар саны 2200-ден асты

05.09.2025

41 0

ТАСС/ Reuters/ Newsflare

Ауғанстандағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны – 2 205 адамға, зардап шеккендер саны — 3 640 адамға жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы «Талибанның» ресми өкілінің орынбасары Хамдулла Фитрат мәлімдеді.

Құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

31 тамызда Гиндукуш тауларында магнитудасы 6,2 жер сілкінісі тіркелді. Ол Ауғанстанның шығысында, Асадабад қаласынан 27 шақырым оңтүстік-батыста болған.

Khaama Press агенттігінің хабарлауынша, күшті жерасты дүмпулері бүтін ауылдарды қиратып, көшкіндер кейбір елді мекендерге апаратын жолдарды жауып, байланыс желілерін үзген.

Құтқару операциялары қиын таулы жерде жүргізіліп жатыр, десанттық арнайы бөлімшелер тартылған.

Жергілікті билік бұл елдегі ең жойқын жер сілкіністердің бірі екенін атап өтті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: