Жексенбі, 09 қараша, 13:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№85 (2197)
08.11.2025
PDF мұрағаты

Ауқатты адамдар таңдайтын әлемдегі ең қолайлы қала анықталды

09.11.2025

46 0

Фото: pixabay.com

Savills Plc жылжымайтын мүлік брокерлік компаниясы зерттеу жүргізіп жоғары табысы бар адамдар үшін ең тартымды әрі ыңғайлы қала Дубай екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Business Times порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Зерттеуде әлемнің 30 ірі мегаполисі бағаланған. Ал Дубайдың көшбасшы болуына келесі факторлар әсер еткен:

  • мұраға салынатын салықтың болмауы;
  • капиталдың өсуі;
  • дамыған инфрақұрылым;
  • жоғары қауіпсіздік деңгейі;
  • халықаралық мектептердің көптігі.

Ал Біріккен Араб Әмірліктерінің тұрғындары «алтын виза» ала алады. Егер адам кемінде 2 миллион дирхам инвестиция салса, бұл елде 10 жылға дейін тұруға және салықтық жеңілдіктерге мүмкіндік береді.  

Рейтингте екінші орынға Нью-Йорк ие болды. Сарапшылар бұл қаладағы бизнес жүргізуге қолайлы жағдайды, салықтық жеңілдіктер мен геосаяси тұрақтылықты атап өтті. Ал үздік бестіктің қатарына Сингапур, Абу-Даби және Гонконг енді.

Зерттеуде ауқатты жандар, әсіресе жасы үлкен адамдар үшін мұра салығының маңызды рөл атқаратыны айтылған. Бұл көрсеткіш жоғары өмір сүру деңгейіне қарамастан Лондонның позициясына кері әсер еткен. Ұлыбританияның салық жүйесі салдарынан байлар онда жылжымайтын мүлік сатып алуға онша қызықпайды.

Savills мәліметінше, 2024 жылы әлемде 680 мыңнан астам жаңа миллионер пайда болған. Болжам бойынша, 2029 жылға қарай олардың саны тағы 5 миллион адамға артады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: