Бейсенбі, 12 маусым, 23:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№42 – 2155
10.06.2025
PDF мұрағаты

Аустрияда мектептегі атыстан соң үш күндік аза тұту жарияланды

11.06.2025

184 0

Фото: deutsch.news-pravda.com

Аустрияның Грац қаласындағы мектептердің бірінде болған атыстан кейін елде үш күндік қаралы күн жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Грац тұрғындары мектеп жанындағы уақытша мемориалға гүл шоқтары мен шырақ әкеліп жатыр. Аталған жағдайға қатысты бүкіл ел аза тұтып жатыр. Олар бұл оқиғаны Аустрия тарихындағы ең ауыр атыс деп атады. 

10 маусым шамамен сағат 10:00-де орта мектепте бұрын оқыған оқушы атыс шығарды. Сол сәтте білім ордасында сабақ жүріп жатқан. Кей оқушылар қорытынды емтихандарын тапсырған. Полиция жағдайды 17 минуттан соң бақылауға алды. Алайда сол уақыт ішінде алты әйел мен үш ер адам қайтыс болды. Бірнеше сағаттан соң тағы бір әйел ауруханада қаза тапты. Зардап шеккендердің бірнешеуі ауруханаға жеткізілді, кейбірі ауыр жарақат алды.

Екі атыс қаруын алып жүрген 21 жастағы Аустрия азаматы өз-өзіне қол жұмсады. Ол мектептің бұрынғы оқушысы болып шықты. Ол бітіру емтихандарын тапсыра алмаған, буллингтің құрбаны болған. 

Жергілікті тұрғын қалада мұндай қайғылы оқиға болғанына әлі сенбейтінін айтты. 

“Әлі күнге дейін гүлденген қаламызда мұндай шабуылдың болғанына сенбеймін және түсінбеймін. Бұл аймақ тыныш, қауіпсіз және әдемі. Мұндағы адамдар жақсы, мектеп те жақсы”, – дейді жергілікті тұрғын Река.

Оқиға орнына Ішкі істер министрі Герхард Карнермен бірге келген Аустрия канцлері Кристиан Штокер мұны «бүкіл елді дүр сілкіндірген ұлттық трагедия» деп атады. Осылайша елде үш күндік қаралы күн жарияланды. Венадағы президент кеңсесі орналасқан Хофбург сарайындағы жалаулар түсірілді.

Аустрия Еуропадағы ең мықты қаруланған елдердің бірі. Онда әрбір 100 адамға 30-ға жуық атыс қаруынан келеді. Алайда мұнда мектептегі атыс сирек кездеседі.

Атыс ұйымдастырған жігіттің қаруға заңды түрде иелік еткені және бұрын соттамағаны анықталды. Мылтықтардың бірі шабуылдан бір күн бұрын сатып алынған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: