2 қаңтарда АҚШ-тың Сент-Пол қаласының мэрі қызметіне Оңтүстік-Шығыс Азиядан шыққан заңсыз мигрант Каоли Ванг тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өткен жазда сайлауалды науқан кезінде Каоли Ванг әкесінің АҚШ консулдығындағы қызметін пайдаланып, елге көшу үшін құжаттардағы мәліметтерді қолдан жасағанын мойындаған. Ванг Лаоста дүниеге келген және бірнеше жылдан кейін ғана ата-анасымен бірге АҚШ-қа заңсыз түрде қоныс аударған. Осыған байланысты ол да, оның отбасы да көші-қон заңын бұзған тұлғалар болып есептеледі.
«Мен бұл елде ата-анам секілді заңсыз тұрып келдім», — деп мәлімдеген еді ол сол кезде, мэрлікке үміткер ретінде.
Ел аумағында заңсыз болғанын және соның салдарынан азаматтықты да заңсыз алғанын мойындауына қарамастан, Ванг 2025 жылдың күзінде Сент-Пол қаласы мэрінің сайлауында жеңіске жетті. Ал 2 қаңтар күні ол ант беріп, ресми түрде қызметіне кірісті.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
