Дүйсенбі, 23 маусым, 14:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№45,2158
21.06.2025
PDF мұрағаты

Балықшы бір күнде миллионер атанды

23.06.2025

85 0

Фото: pixabay

Үндістанның Одиша штатында балықшы сирек кездесетін горбыль балықтарын ұстап, әп-сәтте байып шыға келді, деп хабарлайды Anyqtime.kz.

KalingaTV ақпаратына сүйенсек, Дигха өзенінің атырауында «Nani Gopal» траулерімен ау салып жүрген балықшы күтпеген жерден дақты горбыльдар үйіріне тап болған. Желіге бірден 29 ірі балық түскен. Әрқайсысының салмағы 20 келіден асып кеткен.

Сирек әрі бағалы олжаны бір компания 3,3 миллион рупийге сатып алған. Бұл шамамен 17 миллион теңге. Осылайша, үндістандық балықшы бір күнде миллионер атанды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: