АҚШ-тың Вирджиния штатында тұратын зейнеткер Кэрри Эдвардс Powerball лотереясында ChatGPT ұсынған нөмірлерді қолданып, 150 мың доллар ұтып алды. Алайда ол күтпеген олжасын түгелдей үш қайырымдылық ұйымына аударуды шешкен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
The Washington Post-тың мәліметінше, Эдвардс ұтыс туралы хабарлама келген сәтте ол алаяқтық деп ойлаған. Кейін аккаунтына кіріп, өзінің төрт нөмір мен Powerball нөмірін дәл тапқанын көрген. Power Play мультипликаторы арқылы жүлдесі 50 мыңнан 150 мың долларға дейін өскен.
Зейнеткер бұл ақшаның “өзінікі емес” екенін сезінгенін айтып, толық соманы үш ұйымға – әскери қызметкерлерге көмек көрсететін қорға, фронтотемпоралды дегенерация ауруына қатысты зерттеулерді қолдайтын қауымдастыққа және Вирджиниядағы аз қамтылған тұрғындарға азық-түлік жеткізетін фермерлік жобаға бөліп берген.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
