Бейсенбі, 09 қазан, 10:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№76, 2188
07.10.2025
PDF мұрағаты

Дания 15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салмақ

09.10.2025

53 0

Фото: pixabay.com

Дания үкіметі 15 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына шектеу енгізуді көздеп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Премьер-министр Метте Фредериксен парламентте сөйлеген сөзінде әлеуметтік платформалар балалардың балалық шақтан толық ләззат алу мүмкіндігінен айырып жатқанын айтты.

Ұялы телефондар бастапқыда адамдарды байланыстыру үшін ойлап табылды, бірақ бүгінде ол “құбыжыққа” айналды. Жастар арасында мазасыздық пен депрессия көбейді, оқуға шоғырлану қиындады, – деді ол.

Жаңа заң жобасы аясында ата-аналар 13 жасқа толған балаларына әлеуметтік желіні пайдалануына рұқсат бере алады. Сондай-ақ бастауыш мектептер мен күндізгі ұзартылған топтарда телефон қолдануға тыйым салу көзделген.

Фредериксеннің айтуынша, жасөспірімдердің едәуір бөлігі апта бойы достарымен кездеспейді – бұл смартфонды шамадан тыс қолданудың салдары.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: