Еуропалық комиссия Temu онлайн-сауда платформасын заң бұзды деп айыптады, деп хабарлайды Orda.kz.
Еурокомиссия Temu-дің заңсыз тауар сатып, халықаралық цифрлық қызмет туралы заңды бұзғанын анықтады. Арнайы тексеріс нәтижесі бойынша, сауда алаңы пайдаланушылардың заңсыз тауар сатып алуына жол берген.
«Мұндай өнімдер қауіпсіздік талаптарына сай келмейді. Сондай-ақ тұтынушылардың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін», — дейді комиссия өкілдері.
Енді қытайлық компания жылдық айналымының 6 пайызына тең көлемде айыппұл арқалауы мүмкін. Жыл басында Temu-дің ай сайынғы пайдаланушылар саны 292 миллионға жеткен. Олардың дені – Еуроодақ тұрғындары.
Айта кетейік, мамырда пайдаланушылардың жеке деректерін жинау және өңдеу шарттарын бұзғаны үшін америкалықтан Temu онлайн-сауда платформасын жаппай сотқа берді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!