Қытай тарапы Си Цзиньпин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың көптен күткен кездесуін ресми түрде растады. Кездесу бейсенбі күні Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ
Қытай Сыртқы істер министрлігінің өкілі Го Цзякунь мәлімдегендей, екі ел басшылары стратегиялық және ұзақмерзімді мәселелерді талқылайды. Оның айтуынша, бұл кездесу Қытай мен АҚШ арасындағы қатынастарға жаңа серпін беріп, олардың тұрақты дамуына жол ашады.
Трамп та өз кезегінде Си Цзиньпинмен «екі ел үшін тиімді келісімге» келуді көздеп отырғанын айтты. Кездесу туралы жаңалық соңғы апталарда әлемдік нарықтарды тұрақтандыруға сеп болған.
Сарапшылардың пікірінше, Пусан қаласындағы келіссөздер бірнеше айға созылған сауда шиеленісін бәсеңдетуі мүмкін.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
