Студент ашуға ерік беріп сегіз адамды пышақтап өлтірді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
jambyl.info хабарлауынша оқиға Қытайдың шығысында Цзянсу провинциясында белгісіз біреу студенттерге пышақпен шабуыл жасап, 8 адамды өлтірді. Тағы 17 адам жарақат алған.
Оқыс оқиға Исин қаласындағы өнер және технология институтында орын алған. Күдікті ұсталды. Полицияның дерегінше қаскөй 21 жастағы соңғы курс студенті екен. Оның бұл әрекетке баруына сынақтан құлап, аттестат ала алмауы себеп болған.
Айта кетейік, тағылымдамадан өту ақысына көңілі толмаған. Қазіргі таңда тергеу жүріп жатыр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!