Бейсенбі, 26 желтоқсан, 21:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Енді діни қызметкердің орнына жасанды интеллект жұмыс істейді

25.11.2024

260 0

Сурет:caravan.kz

Швейцарияның Люцерн қаласында жасанды интеллект діни қызметкердің орнына адам қабылдауды бастаған, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

Ол үшін жасанды интеллектті жаңа өсиет негізінде жазып шыққан.

Енді адам шіркеуге келіп, сырын айтатын бөлмеге кіргенде Иса мәсіхтің голограммасы тұрады. Оған сұрақ қойғанда жасанды интеллект 100 тілдің бірінде адамға жауап береді. Біреулерге ұнаған, басқалары боттың кәдімгі шаблон жауаптары деп жақтырмапты.

Аватар конфессияға келушілерге нақты уақыт режимінде жауаптар беріп, оларды жасанды интеллект арқылы жасады. Эксперименттің екі айында мыңнан астам адам, соның ішінде Қытай мен Вьетнам сияқты елдердің мұсылмандары мен туристері аватармен сөйлесу мүмкіндігін пайдаланды. Пікірлерге сәйкес, пайдаланушылардың үштен екісі бұл экспериментті рухани тәжірибе деп қабылдаған.

Жасанды интеллект керегін үйреніп алып, автономды түрде жетілу қабілеті бар екенін ескерсек, 30-35 жылда әлемді адамсыз-ақ басқарайын деп тұр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: