Дүйсенбі, 01 желтоқсан, 16:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№91 (2203)
29.11.2025
PDF мұрағаты

Енді Қытай азаматтары Ресейге визасыз кіре алады

01.12.2025

22 0

Фото: Татьяна Меель/ РИА Новости

Ресей президенті Владимир Путин Қытай азаматтарының Ресейге визасыз кіруіне рұқсат беретін жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

rbc.ru мәліметінше, жарлыққа сәйкес, 2026 жылдың 14 қыркүйегіне дейін Қытай азаматтары Ресейге жалпы азаматтық паспортпен визасыз кіріп, елде 30 күнге дейін бола алады. Визасыз режим туристік, қонақтық, іскери мақсаттармен баруға, түрлі іс-шараларға қатысуға немесе транзиттік өтуге рұқсат береді.

Алайда бұл тәртіп Ресейге жұмыс істеу, оқу, тұрақты тұру немесе халықаралық автокөлік тасымалы саласында қызмет көрсету мақсатымен келетіндерге қолданылмайды (оның ішінде жүргізушілер, экипаж мүшелері, экспедиторлар және аудармашылар).

Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Айта кетейік, Қытай Ресей азаматтары үшін визасыз режимді 15 қыркүйектен бастап бір жылдық сынақ режимінде енгізген болатын. Екі елдің келісімі бойынша визасыз жүріс 2026 жылдың 14 қыркүйегіне дейін жалғасады. Ресей азаматтары ҚХР аумағында 30 күнге дейін іскерлік, туристік, экскурсиялық мақсаттармен, сондай-ақ туыстары мен достарына бару және алмасу бағдарламалары аясында визасыз жүре алады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: