Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 08:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Ер адам туған қызын қылқындырып өлтірген

21.11.2024

479 0

Сурет: alash.kz

22 жастағы қыз ата-анасына өзіне құда түскен ер адамға тұрмысқа шықпайтынын айтқан. Кейін әкесі туған қызын қылқындырып өлтірген. Оқиға Наманган облысы, Тұрақорған ауданында орын алған, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Сот құжаттарына сәйкес, бұл жантүршігерлік қылмыс 2024 жылдың 12 маусымында Өзбекстанның “Исвахон” махалласында болған.

1974 жылы туған азамат М.Э. таңғы сағат жеті шамасында өз үйінің қонақ бөлмесінде 2002 жылы туған қызы Д.У.-ды орамалмен қылқындырған.

Қыздың белгіленген күйеу жігітіне тұрмысқа шығудан бас тартуы және басқа жас жігітпен кездесіп жүргенін мойындауы осы қайғылы жағдайға себеп болған.

Қызын бірнеше минут бойы орамалмен қылқындырған әкесі оның әлі тірі екенін көріп, қолымен қылқындыра бастаған. Қыз қайтыс болғаннан кейін, ол денесін жертөлеге апарып қойған.

Кейін М.Э. көршісінен өзен жағасына апаруын сұрап, жасаған ісін мойындағанын және өзіне қол жұмсамақ болғанын айтқан. Алайда көршісі оны мұндай әрекетке бармауға көндіріп, билікке баруға үгіттеген. Осыдан кейін М.Э. аудандық ішкі істер бөліміне барып, болған оқиға туралы мәлімдеген.

Сот барысында айыпталушы өз кінәсін мойындап, қызының өмірін қиғаны үшін қатты өкініш білдіріп, кешірім сұраған.

Қайтыс болған қыздың анасы Т.Э. сот отырысында ұлын ойлап, күйеуін кешіргенін, бірақ оның жасаған әрекеті үшін жазалануы керек екенін айтқан.

Сот үкімі бойынша, М.Э. Қылмыстық кодекстің 97-бабына (Қасақана кісі өлтіру) сәйкес кінәлі деп танылды.

Ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: