АҚШ президенті Еуропа елдерін іс жүзінде Вашингтонның Ирандағы әскери әрекеттеріне қосылуға шақырды, деп хабарлайды DW ақпарат агенттігі, – деп хабарлайды KAZINFORM
АҚШ президенті Дональд Трамп егер Вашингтонның одақтастары Ормуз бұғазын ашуға көмектеспесе, НАТО-ның болашағы «өте бұлыңғыр» болатынын ескертті. Ақ үй басшысы бұл туралы жексенбі күні The Financial Times (FT) басылымына берген сұхбатында мәлімдеді.
Трамп осылайша Еуропа елдерін іс жүзінде АҚШ-тың Ирандағы әскери әрекеттеріне қосылуға шақырды, деп атап өтті FT. «Егер жауап болмаса немесе жауап теріс болса, менің ойымша, бұл НАТО-ның болашағы үшін өте жаман болады», — деп мәлімдеді Трамп.
— Біз тым мейірімді болдық. Біз оларға Украина мәселесінде көмектесуіміз міндетті емес еді. Украина бізден мыңдаған шақырым қашықтықта… Бірақ біз оларға көмектестік. Енді олар бізге көмектесе ме екен, көреміз. Өйткені мен ұзақ уақыт бойы біз олардың жанынан табылатынымызды, ал олар біз үшін болыспайтынын бұрыннан айтып келемін. Мен олардың жанымызда болатынына сенімді емеспін, — деді Трамп.
Одақтастар мина тазалағыштарды жіберуі керек, олардың саны Еуропада АҚШ-қа қарағанда әлдеқайда көп, деп қосты президент.
Трамп сонымен қатар еуропалық арнайы жасақ командалары немесе басқа әскери күштердің Парсы шығанағында дрондар мен әскери-теңіз миналары көмегімен «мәселелер» тудыратын Иран күштерін жоюға көмектескенін қалайды.
Осыған дейін АҚШ президенті Иранға қарсы соққылардың қарқынын күшейтетінін ескертті.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
