Жексенбі, 28 желтоқсан, 18:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№99, (2211)
27.12.2025
PDF мұрағаты

Еуропаның үш елінде табиғат мінез танытып жатыр

28.12.2025

57 0

Сурет: t.me/ dwglavnoe

Йоханнес теңіз дауылы салдарынан Швеция, Норвегия және Финляндияда қалың қар жауып, қатты жел тұрды. Салдарынан электр желілері үзіліп, ондаған мың үй жарықсыз қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Йоханнес» теңіз дауылы мен одан туындаған қатты жел әрі жауған қалың қар көлік пен паром қатынасын да тоқыратып қойды, деп жазады DW.

Швецияда 40 мың үй жарықсыз қалды. Стокгольмнан 200 шақырым қашықтықта орналасқан Сандвикен қаласында үстіне ағаш бұтағы құлап, ер адам қайтыс болды.

Hemab энергетикалық компаниясының қызметкері де опат болды. Ашық аспан астындағы жұмыстарды орындау кезінде оған да ағаш құлады.

Финляндияда дауылды жел Женевадан ұшып келген Swiss Airlines жолаушылар ұшағын ұшу-қону жолағынан ұшырып кете жаздады. Әбүйір болғанда оны үйілген қар ұстап қалды. Зардап шеккендер жоқ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: