Сейсенбі, 07 қазан, 11:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№76, 2188
07.10.2025
PDF мұрағаты

Финляндия Ресейден келетін барлық импортқа баж салығын енгізуге ниетті

07.10.2025

125 0

Фото: pixabay

Финляндия Ресейден келетін барлық тауарларға баж салығын енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Финляндияның Сыртқы істер министрі Элина Валтонен Польшаның сыртқы істер министрі Радослав Сикорскиймен Варшавада өткен кездесуден кейін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.

Фин министрінің айтуынша, бұл шешім Финляндияның Ресейге қарсы санкциялық саясатын күшейту және Украинаны қолдау бағытындағы ұстанымымен байланысты.

Финляндия мен Польша тек Балтық теңізімен ғана емес, сонымен қатар Еуропаны қауіпсіз әрі гүлдендіруге деген ортақ ниетіміз арқылы біріктірілді. Біз Украинаны қолдауды жалғастырып, Ресейдің агрессиясын тежеуге күш саламыз, – деді Валтонен.

Польша СІМ басшысы Радослав Сикорский өз кезегінде Финляндияның Еуропалық Одақ пен НАТО шеңберіндегі сенімді серіктес екенін атап өтті. Ол сондай-ақ екі елдің мұздатылған ресейлік активтерді Украинаны қолдау үшін пайдалану жөніндегі ортақ ұстанымын қуаттады.

Финляндия үкіметі Ресейге қарсы жаңа экономикалық шараларды әзірлеп жатыр. Жоспарланған баж салығы Мәскеудің соғыс жүргізу мүмкіндігін шектеуге бағытталған.A

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: