Франция президенті Эммануэль Макрон мен елдің бірінші ханымы Брижит Макронның Вьетнамға ұшып барған сәтінен тараған видео желі қолданушылары арасында кеңінен талқыланып жатыр. Видеодан Макронды әйелі шапалақпен салып қалғандай болғанын байқауға болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
АҚШ-тың Associated Press агенттігінің жексенбі кешке Ханой әуежайында түсірген кадрларынан президент ұшағының есігі ашылған сәтін, ұшақ ішінде тұрған Эммануэль Макронның сұлбасын байқауға болады. Осы сәтте ұшақ ішінен әйелдің өзі көрінбегенімен, қолымен Макронды салып қалғандай болғанын көреміз. Бұл жайтқа таңырқап қалған президент ештеңе болмағандай кейіп танытып, қолын көтеріп, амандасу ишарасын жасайды. Артынша ұшақ ішінен Брижит Макронның өзі де көрінеді.
Екеуі ұшақтан түсіп келе жатқанда Эммануэль Макрон әйеліне қолын ұсынады, бірақ Брижит оның қолын алмай, баспалдақ жиегінен ұстап түседі.
Бұл видео желіде кеңінен тарап, әсіресе, президент сапарынан ақпарат таратуға барған БАҚ өкілдерінің қызығушылығын турдырған.
Журналистер мән-жайды анықтамақ болып Елисей сарайына хабарласқанда, олар видеодағы жайтты растамас бұрын, видео жасанды интеллект арқылы жасалып, ресейшіл аккаунттарға таратылған деп, бейнежазбаның шынайылығына күмән келтірген.
Кейінірек президенттің жақын досы ерлі-зайыпты арасында болмашы «жанжал» туғанын айтты.
«Бұл президент пен оның жұбайының сапар алдында күліп-ойнаған сәті еді», – деп дүйсенбі сапардан кейін ғана Эммануэль Макронның төңірегіндегілер журналистерге түсініктеме берді.
«Бұл қастандық теориясы өкілдерін түрлі ойға жетелеуге жеткіліксіз болды», – деп әлгі дереккөз жағымсыз пікірлерді ресейшіл ортаға теліді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!