Сәрсенбі, 17 желтоқсан, 12:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№96 (2208)
16.12.2025
PDF мұрағаты

Францияда зейнетақы реформасы кенеттен тоқтатылды

17.12.2025

39 0

Сурет: pexels

Франция парламенті 2026 жылға арналған әлеуметтік сақтандыру бюджетінің жобасын қабылдады. Бұл құжатта зейнетақы реформасын уақытша тоқтату қарастырылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Le Monde басылымының мәліметінше, шешім Ұлттық ассамблеядағы дауыс беру барысында мақұлданған.

Құжатты қабылдауды 247 депутат қолдап, 232 депутат қарсы дауыс берді. Қабылданған бюджет зейнетақы жүйесін реформалау төңірегіндегі ұзаққа созылған саяси және әлеуметтік даулар аясында ымыралы шешім ретінде ұсынылды.

Зейнет жасын көтеруді және төлем тәртібін өзгертуді көздеген реформа жаппай наразылықтарға, сондай-ақ оппозиция мен кәсіподақтардың қатты сынына ұшыраған еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: