Дүйсенбі, 03 ақпан, 00:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№8, 2121
01.02.2025
PDF мұрағаты

Халық тағы да наразылық шеруге шықты

02.02.2025

114 0

фото: видеодан кадр

Тбилисиде Грузия парламентінің ғимаратында тағы да үкіметке қарсы наразылық акциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТАСС агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, парламент ғимараты орналасқан Руставели даңғылында автокөлік қозғалысына тыйым салынған.

Шеруге шыққандар екі айдан астам уақыттан бері наразылықтарын көрсетіп келеді. Сондай-ақ Батумиде де акция өтуде, оған қатысушылар парламент сайлауын қайта өткізіп, екі ай ішінде наразылыққа шығып, ұсталғандарды босатуды талап етті, – делінген хабарламада.

Еске салайық, 2024 жылы 28 қарашада Еуропарламент Грузияда өткен парламент сайлауын мойындамайтындығы туралы қарар қабылдады. Бұған дейін Еурокомиссия ұйым Еуроодаққа елдің кіруін тоқтата тұру процесін қолдайтынын, бірақ саяси курстың ауысуын және оның «ЕО-дағы мүшелік қағидаттары мен талаптарына қарама-қайшы» келмеуін талап еткен болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: