Америкалық миллиардер және кәсіпкер Илон Маск 500 миллион жылдан кейін Жер өмір сүруге жарамсыз болады деген пікір айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz.
SpaceX пен Tesla негізін қалаушының айтуынша, коллапс Күннің қазіргі кеңею қарқынына байланысты болады.
X әлеуметтік желісінде пайдаланушылардың бірі бес миллиард жылдан кейін Күн жарылатынын және Марс адамзаттың өмірін сақтап қалудың ең жақсы мүмкіндігі болуы мүмкін екенін жазды.
«Біздің Күннің кеңеюі осы уақыттың 10 пайызынан кейін (шамамен 500 миллион жыл) Жерді өмір сүруге жарамсыз етуі мүмкін»,- деп жауап берді Маск осы жарияланымға.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!