Сенбі, 15 қараша, 23:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№87, (2199)
15.11.2025
PDF мұрағаты

Иранда «Study in Kazakhstan» көрмесі өтеді

15.11.2025

34 0

Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Иранның Қазақстандағы Елшісі Әли Акбар Джоукармен кездесті. Министр Иран тарапына жоғары білім мен ғылым саласындағы реформалар туралы айтып, Қазақстанның Орталық Азиядағы өңірлік білім беру орталығы ретіндегі рөлін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тараптар тарихи-мәдени байланыстардың тереңдігін айтып, жоғары білім, ғылым және инновация салаларындағы ынтымақтастықты күшейтуге мүдделі екенін білдірді. Академиялық және ғылыми алмасуды кеңейту, QazInnovations арқылы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Кездесу нәтижесінде Иранда Қазақстан университеттері мен шетелдік университет филиалдарының қатысуымен «Study in Kazakhstan» білім көрмесін өткізуге келісілді. Сондай-ақ Иранда ғылыми көрме мен конференция ұйымдастыру жөнінде шешім қабылданды.

Бұл келісімдер екі ел арасындағы серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: