Египеттік ауыр атлет әрі пауэрлифтингтен әлем чемпионы Ашраф Мохамед ерекше жетістікке жетіп, есімі Гиннестің рекордтар кітабына енді. Ол салмағы 700 тонна болатын кемені тісімен орнынан қозғады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Washington Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 7 қыркүйекте Египеттің Хургада қаласындағы жағажайда өткен. Ашраф Мохамед кемені 15 метрге дейін сүйреп, бұрынғы рекордты жаңартты.
Рекорд орнататын орын кездейсоқ таңдалмаған. Ашраф бұл шараның дәл Хургадада өткенін өзі қалаған. Себебі ол осы жетістігі арқылы шетелдік туристердің назарын елдің танымал курорттық аймағына аударғысы келген.
Айта кетейік, бұл украиналық спортшы Олег Скавыштың бұған дейінгі жетістігінен асып түскен рекорд. Скавыш салмақты 50 тоннаға арттыруға тырысқан болатын.
Ашраф Мохамед үшін бұл тек жеке жеңіс емес. Ол бұл әрекеті арқылы Египеттің халықаралық беделін көтергісі келетінін айтып, осындай ерекше бағыттағы спортпен айналысуды әрі қарай жалғастыруға ниетті екенін жеткізді. Бұған дейін де ол поезд бен 11 жүк көлігін сүйреп, жұртты таңғалдырған.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!