Жұма, 30 мамыр, 02:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39,2152
27.05.2025
PDF мұрағаты

Көрші елде коронавирустың жаңа түрі қайта өршіді

28.05.2025

315 0

Фото: BAQ.KZ

Ресейде коронавирустың NB.1.8.1 жаңа генонұсқасын жұқтырудың 4 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы РФ тұтынушылардың құқықтарын қорғау және адам әл-ауқатын қадағалау жөніндегі федералдық қызметі мәлімдеді.

Коронавирустың осы жаңа генонұсқасын жұқтырудың 4 жағдайы анықталды. Бұл белгілі бір деңгейде алаңдатушылық тудырады, – деді ведомство басшысы Анна Попова.

Айта кетерлігі, аурудың ағымы әдеттегі COVID-ке ұқсас.

Індеттің жаңа нұсқасы Қытайда, Үндістанда және АҚШ-та таралып жатқаны белгілі. Сондай-ақ Азияда вирус күрт көбейген. Әсіресе Қытай, Сингапур зардап шегуде.

Нақтырақ айтқанда, NB.1.8.1 алғаш рет 2025 жылы қаңтарда анықталған.

Еске салайық, мамыр айында еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі Азияда COVID-19-дың көптеп таралуына байланысты мәлімдеме жасаған болатын.

Ведомствоның айтуынша, республикамызда әлемдегідей «омикрон» штамы бар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: