Дүйсенбі, 23 наурыз, 10:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№21 (2232)
22.03.2026
PDF мұрағаты

Мәскеуде Наурыз мейрамы тойланды

23.03.2026

55 0

Фото: Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі

ХШЖК-нің «Қазақстан» павильонында Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің ұйымдастыруымен Наурыз мейрамына орай мерекелік іс-шара өтті. Бұл туралы Елшіліктің ресми сайтында хабарланды, – деп хабарлайды KAZINFORM

Іс-шара қонақтары Мәскеуде және қосымша Қазақстанда аккредиттелген шет мемлекеттердің елшілері, халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, Ресей өңірлерінен келген отандастар, астаналық жоғары оқу орындарының қазақстандық студенттері болды.

Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев өзінің құттықтау сөзінде Наурыздың жаңару символы екенін айтып өтті және биылғы жылы еліміз мерекені саяси және мемлекеттік-құқықтық жаңарудың белгісі болған жаңа Конституциямен атап өтілетінін ескерте кетті. 

– Ғасырлар өте келе біздің әлеуметтік-тұрмыстық және өркениеттік өмір салтымыз түбегейлі өзгерсе де, бұл мерекенің мағынасы әлі де өзекті болып қала береді, тіпті одан да құдіретті және жан-жақты бола түспек, – деп атап өтті Елші. 

Сондай-ақ ол барлығына амандық, зор денсаулық, сарқылмас қуат тіледі.

Қонақтардың көпшілігі Ресейдің қазақ қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері. Олар өздерінің жылы лебіздерін білдірді.

Мәскеудегі Қазақ ұлттық-мәдени автономиясының вице-президенті Гүлшат Алимова өз сөзінде Мәскеуде тұрғанымен, ұлттық дәстүрлерді құрметтейтінін, сақтайтынын және жас ұрпаққа жеткізетінін атап өтті:

– Бұл біздің Отанымыз, біз өзіміздің шығу тегімізді ұмытпауымыз керек, – деді ол.

«Жолдастық» қазақ мәдениеті өңірлік қоғамдық ұйымы (Астрахан облысы) төрағасының орынбасары Әлия Ғұмарова өңірде Наурыз мейрамының дәстүрлі түрде кеңінен аталып өтетінін және ол биыл 18 сәуірде мерекеленетінін еске салды. Сондай-ақ ол қазақстандықтарды жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтап, денсаулық, бейбітшілік және өркендеу тіледі.

Мерекеде көктемнің басты тағамы Наурыз көже және қазақ асханасының дәстүрлі тағамдары ұсынылды. Іс-шара қонақтары заманауи қазақ өнерінің бүкіл әдемілігі мен байлығын көрсеткен концерттік бағдарламаны тамашалай алды. Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан Академиялық филармониясының әртістері Еркін Өтегенов пен Айбар Хайырханов, сондай-ақ виртуоз баяншы Олжас Нұрланов пен әнші Александр Фролов өздерінің шығармашылық шеберліктерін көрсетті.

Айта кетейік, Наурыз мерекесі Бельгияның Брюгге қаласында да тойланды.

Сондай-ақ Лондондағы Наурыз тойы аясында мәдениет, музыка және халық қолөнері фестивалі ұйымдастырылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: