Жексенбі, 04 мамыр, 17:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32,2145
03.05.2025
PDF мұрағаты

Мемлекет басшысы ауруханаға түсті

04.05.2025

14 0

Сербия президенті Вучич Америка Құрама Штаттарына сапарын қысқартып, сырқатына байланысты Белградқа оралуға мәжбүр болды. Сенбі күні ол Белградтағы Әскери-медициналық академияға (ВМА) емделуге жіберілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сербиялық RTS телерадио арнасының хабарлауынша, Вучич АҚШ-қа сапары кезінде ауырып қалған, сондықтан ол онда болу мерзімін қысқартуды ұйғарып, жоспарланған кездесулерінің барлығын өткізе алмаған.

Кейінірек RTS академияның кардиологы Драган Динчич Вучичтің жағдайы туралы айтты.

АҚШ-та жүргенде президент кенет кеудесінде қатты ауру сезінді. Әскери-медициналық академияның дәрігерлері оны тексеріп, ем тағайындап, емдеуді жалғастыруды ұсынды. Қазіргі уақытта дәрігерлер Сербия президентінің жағдайын қанағаттанарлық деп бағалап отыр, бірақ президент алдағы бірнеше күнді жұмсақ режимде өткізуі керек, – деді ол.

Динчич «соңғы он жылда Вучич үш рет осындай проблемаларға тап болғанын, негізінен қан қысымының жоғарылауына байланысты болғанын» атап өтті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: