Мьянмадағы мыңдаған адамның өмірін жалмаған жойқын жер сілкінісінің себебі анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Табиғи апатқа Үнді және Зонд плиталары ұштастаын Сагайн жарығы аймағындағы тектоникалық плиталардың қозғалысы себеп болған.
Phys.org порталы таратқан ақпаратқа сүйенсек, бұл туралы Лондон патша колледжінің тектоника бойынша маманы Ребекка Белл мәлімдеме жасады.
Айтуынша, жер сілкінісінің ошағы шамамен 10 шақырымдай тереңдікте жатқан. Бұл сейсмикалық энергияға максималды күш және жойқын қуатұа ие болуға жол ашқан.
Әсіресе апаттың ауыр салдары ғимараттардың 85%-ы антисейсмикалық нормаларды ескермей салынған халық тығыз қоныстанған аудандарда болды.
Британдық геологиялық қызметтің сейсмологы Брайан Бапти соңғы жүз жылда Мьянмада магнитудасы алты балдан асатын 14-тен астам жойқын зілзаланың тіркелгенін айтты. Алайда бұрын елде тығыз салынған көпқабатты үйлер мен дамыған инфрақұрылымның болмауы апаттың салдарын төмендеткен.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!