Дональд Трамп мұнай бағасы «тағы 10 долларға төмендесе», Ресей Украинадағы соғысты тоқтатуға «мәжбүр болатынын» мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
АҚШ президенті бұл туралы CNBC News арнасына берген сұхбатында айтты.
«Егер мұнай бағасы барреліне тағы 10 долларға арзандаса, Путиннің басқа таңдауы қалмайды. Елдің экономикасы қазірдің өзінде қиын жағдайда», – деді Трамп.
Сондай-ақ, Трамп Үндістанға Ресейден мұнай сатып алуына байланысты алдағы 24 сағат ішінде баж салығын едәуір арттыру ниеті бар екенін мәлімдеді.
«Біз 25% деңгейінде тоқтаған едік, бірақ менің ойымша, алдағы 24 сағат ішінде оларды (Үндістанға қатысты баж салығын) айтарлықтай көтеремін, себебі олар ресейлік мұнай сатып алып жатыр», – деді Трамп.
Айта кетейік, әлемдік мұнай бағасы төмендеуді жалғастырып жатыр. 5 тамыздағы жағдай бойынша, Лондондағы ICE биржасында қазан айына арналған Brent маркалы мұнай бағасы 1,24%-ға арзандап, барреліне 67,87 долларды құрады. Ал қыркүйек айына арналған WTI маркалы мұнай құны 1,4%-ға төмендеп, барреліне 65,36 доллар болды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!