NASA-ның жаңа басшысы Джаред Айзекман АҚШ-тың Ай бетінде өз базасын салу ниеті бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ол X әлеуметтік желісінде жазып, америкалық ғарыш бағдарламасының жаңа стратегиялық мақсатын қысқаша атап өтті.
«Біз Айда база салуды жоспарлап отырмыз», – деп жазды Айзекман.
АҚШ Сенаты Джаред Айзекманды NASA басшысы қызметіне 18 желтоқсанда бекітті. Оның кандидатурасын АҚШ президенті Дональд Трамп ұсынып, Айзекманды көрнекті кәсіпкер, меценат, ұшқыш әрі астронавт ретінде сипаттаған.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
