Дүйсенбі, 15 қыркүйек, 03:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№69,2182
13.09.2025
PDF мұрағаты

Непалда әлеуметтік желіні бұғаттағаны үшін халық көтерілді

09.09.2025

67 0

Фото: Ашық дереккөздерден

Непалда әлеуметтік желілер мен онлайн платформалардың бұғатталуына қарсы халық жаппай көшеге шықты, деп хабарлайды Alash.KZ.

Үкіметтің бұл шешімі ел аумағында 26 танымал желіні қолжетімсіз етті. Қыркүйектің 4-інен бастап күшіне енген тыйым қоғамның наразылығын өршітіп, ақыры қантөгіске алып келді.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, үкімет әрекетіне қарсы өткен шерулер кезінде 19 адам қаза тапты. Бұл оқиға елдің саяси тұрақтылығына үлкен соққы болып отыр.

Блокталғандардың қатарында YouTube, Facebook, WhatsApp, Instagram және X (Twitter) сияқты кең қолданыстағы желілер бар. Халықтың ашу-ызасын тудырған басты себеп – әлеуметтік байланыс арналарының бір мезетте түгелге жуық жабылуы.

Билік өз шешімін аталған платформалардың Байланыс және ақпарат технологиялары министрлігінде ресми тіркеуден өтпегенімен түсіндіреді. Алайда, әлемдік БАҚ мұны сөз бостандығын шектеу және қоғамдағы еркін пікір алмасуға соққы деп бағалауда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: